өсіміне қызмет ететін Сауда ақпараттық хабы
Орталық Азия сауда ақпаратының ордасы – бұл Орталық Азиядағы сауданы жеңілдететін және өңірді халықаралық нарықтармен байланыстыратын онлайн ақпарат хабы.
Операторларға трансшекаралық сауда ресімдері туралы ақпарат алу оңай болу үшін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан ұлттық сауда жеңілдету порталдарының (СЖП) бүкіл ақпараты платформада бір веб-сайтта жинақталған.
Орталық Азия сауда ақпаратының ордасының беретіні – саудаға қатысты ақпаратты іздеуге жұмсалатын шығынды, уақытты және күш-жігерді азайтуға, шекара асқан жүктің кешігу қаупін сейілтуге, сауда дәліздері мен өңірлік сауда интеграциясын қолдауға қажет толыққанды ашықтық пен жариялылық.
Импорт пен экспорттың оңайлығын
салыстыру үшін сауда ресімдері талаптарының
салыстырмалы межесін анықтау
Озық тәжірибе бөлісу мен
практиканың норматив актілерге
сәйкестігін қамтамасыз ету
Аймақтық, екіжақты немесе
ұлттық деңгейде сауда жеңілдету
мақсаттарын бірлесе айқындау
Ортақ қойылған мақсаттарға
жету жолын бақылау
Үкімет пен шешім
қабылдаушыларға
Трейдерлерге, кедендік
брокерлерге, жүк
экспедиторларына
Бизнес
қауымдастықтарға
Әлеуетті
инвесторларға
Ғалымдар мен
зерттеушілерге
Халықаралық
ұйымдарға
Орталық Азия сауда ақпаратының ордасы сауда жеңілдету порталының құрамын – оның негізгі блоктарын, яғни трейдер тәжірибесінен ең заманауи әдіспен егжей-тегжейлі жазылған трансшекаралық сауда ресімдері нұсқаулығын пайдаланады.
Әр қадамнан стандарт ақпарат аласыз:
Нақты алатыныңыз:
Қадамды орындау
нәтижесі(-лері)
Кімге жолығатыныңыз:
Байланыс деректері
көрсетілген ұйым, бөлімше
және жауапты қызметкер
Сізден не сұрайтыны:
Талаптар, нысандар
мен құжаттар
Қандай құн төлейтініңіз:
Шығындар, алымдар
және төлемдер
Қанша уақыт жұмсайтыныңыз:
Кезекте, кассада және
қадамдар арасында
жұмсайтын уақыт
Кімге шағымдана алатыныңыз:
Шағым қарауға
жауапты мекеменің
байланыс деректері
Талаптар қандай заңға
сүйенетіні:
Заң, ереже нормалары
Қадамның дұрыс сипатталғанын
растайтын орган