Халықаралық сауда орталығының негізгі техникалық көмегімен, БҰҰ Сауда мен даму конференциясының қосымша техникалық жәрдемімен және Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы іске қосқан Қазақстан сауда порталына қош келдіңіз.
Қазақстан сауда порталы – ДСҰ Сауданы жеңілдету келісіміне сай болу үшін ғана емес, сонымен қатар, жергілікті және шетелдік кәсіпкерлерге импорт, экспорт және транзит рәсімдеріне жол сілтеу үшін іске қосылған платформа.
Қазақстан сауда порталы мемлекеттік органдарға сауда процестерін реттеп, қазақстандық іскер қауымдастық үшін одан әрі жеңілдетуге көмек береді.
Біздің командамыздың жұмысы сыртқы саудамен айналысушылардың көзқарасы тұрғысынан импорт, экспорт және транзит рәсімдері қандай болатынын порталға түсіріп, пайдаланушылардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге бағытталған.
Оған қоса, Қазақстанда жеке кәсіппен айналысуға қызығушыларды көбірек тарту арқылы Қазақстан экономикасын дамыту үшін еліміздің трансшекаралық саудасын реттеу мен оның нәтижелі іске асуы барынша ашық болуын көздейміз.
Біздің командамыз
Саят Әшімов
Электрондық пошта: s.ashimov@qaztrade.org.kz
Жұмыс телефон: +7 (7172) 768814
Ержан Шакаргалиев
Электрондық пошта: erzhan.sh@gmail.com
Жұмыс телефон: +7 (7172) 768505
Ұялы телефон: +7 (701) 5291785