|
|
Қазақстан Республикасының Сауда рәсімдерін
АНАЛИТИКАЛЫҚ ҚҰЖАТ
Баяндама Қазақстан Республикасының Үкіметі 2023-2025 жылдары сауда рәсімдерін жеңілдету саласында, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) контекстінде іске асыратын шараларға шолу ұсынады. Сауда процестерін цифрландырудағы, қағазсыз технологияларды енгізудегі және сыртқы экономикалық қызметтің ашықтығын, болжамдылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған сауда ағындарын басқару құралдарын дамытудағы жетістіктер қаралады. Азия мен Еуропа арасындағы стратегиялық буын ретіндегі Қазақстанның ТХКБ-дағы рөліне, сондай-ақ рәсімдерді біріздендіру және бағыт бойындағы цифрлық шешімдерді дамыту жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды. ТХКБ тұрақты және «жасыл» даму қағидаттары және Қазақстанның өңірлік және жаһандық жеткізу тізбегіндегі ұстанымын нығайтатын сауданың тиімді, технологиялық моделін қалыптастыру көрсетілген. Баяндама Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі және «QazTrade» АҚ-мен 2025 жылы әзірленген. Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі Қазақстан Республикасының Екінші ұлттық баяндамасымен осында танысуға болады. |
|
БАЙЛАНЫС «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталыгы» АҚ
|
Мақаламен бөлісу |




