Қазақстан сауда порталында сауда операциясына қатысты барлық рәсімдер рет-ретімен тізілген
- тауардың кедендік тазартудан өтуіне қажет барлық рәсімдер тізіледі;
- рәсімдердің реті беріледі (мысалы, сәйкестік туралы сертификат немесе ветеринариялық сертификат кедендік тазартудан өткенге дейін сұралуы мүмкін.)
- Алдын-ала/бастапқы тіркелу: жеке тұлғаға немесе кәсіп иесіне белгілі бір лицензия, рұқсат алардан бұрын, алдымен, тіркелу қажет болатыны жиі ұшырасады. Мұндайға сақтау қоймасы немесе ветеринариялық инспекцияның растауы сияқтылар жатады. Әдетте тіркелу бір рет қана қажет етіледі.
- Лицензиялар: кей салалар мемлекет тарапынан реттелетіндіктен, компаниялар (кәсіпорындар немесе корпорациялар) мұндай салада саудамен айналыспас бұрын лицензия және рұқсат алуы тиіс. Кей жағдайда лицензия жыл сайын ұзарып тұруы тиіс;
- Рұқсаттар: әр жүк партиясын ресімдемес бұрын алынатын рұқсат құжаттар. Мысалы: фитосанитариялық немесе ветеринариялық сертификат, шығу тегі туралы сертификат, импортқа рұқсат, сәйкестік туралы сертификат, т.б. Мұндай рәсімдерден әр сауда операциясы немесе әр жөнелетін жүк партиясы үшін бөлек өту керек;
- Кеден және шекара рәсімдері: жүктің кедендік тазартудан өтіп, шекарадан кіруі немесе шығуына қажет барлық рәсімдер. Мысалы: кеден декларациясын тапсыру, шекарада өтетін тексерістер, жүкті пломбалау, т.б. Мұндай рәсімдерден рұқсаттардағыдай әр сауда операциясы үшін жаңадан өтіп отыру керек.
Рәсімдер рет-ретімен сипатталған
Қадам құрылымы (байланыс мәліметтері, талаптар, нәтиже, т.б.)
- ұйым атауы, дәл мекенжайы, телефон нөмірлері, сайт, электрондық пошта, т.б. сияқты хабарласу үшін қажет мәліметтер (“қайда бару керек?” дегеннің жауабы);
- жүктеп алуға болатын нысандар мен растаушы құжаттар (“не керек?” дегеннің жауабы);
- құн, яғни алым-салым мен төлем сомалары, және құн төлеу жолдары (“құны қанша, қалай төлеу керек?” дегеннің жауабы);
- нәтижесі (“нәтижесі қандай болады?” дегеннің жауабы);
- қадамның әр бөлігін, әсіресе, талаптар мен құн туралы бөліктерін құқық жүзінде растайтын заң-ережелерге сілтемелер (“құқықтық негізі не?” дегеннің жауабы);
- қадамнан өту ұзақтығы (“қанша уақыт алады?” дегеннің жауабы);
- шағым беру жолдары (“проблема туындаса, кімге жүгінемін?” дегеннің жауабы).